Қазақстандық композиторлардың ноталары сандық форматқа көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық композиторлардың ноталары сандық форматқа көшіріледі

15.10.2014
Қазақстандық композиторлардың ноталары сандық форматқа көшіріледі

Қазақстанда отандық композиторлардың музыкалық туындыларының ноталары сандық форматқа көшіріліп, сақталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «XXI ғасыр кітапханасы: жаңа көкжиектер» халықаралық конференциясыда Қазақстан Республикасының кітапхана қауымдастығының президенті Роза Бердіғалиева мәлім етті.

«Қазақстан дарынды композиторларға бай мемлекет. Елімізде керемет музыкалық туындарлар қоры жинақталған. Оларды сақтау мақсатында біз қазір ноталарды сандық форматқа көшіріп жатырмыз. Осылайша, Қазақстанның ноталық электронды кітапханасын жасайтын боламыз», - деді ол.

Сондай-ақ Роза Бердіғалиева бұл салада қазақстандық мамандарға әзірбайжандық және украиналық әріптестер көмектесетінін жеткізді.

Ал, болашақта елімізде бүкіл ТМД елдеріне арналған ноталық кітапхана құрылады.

Хабарламаларға жазылу