Референдум – үлкен өзгерістердің бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум – үлкен өзгерістердің бастауы

18.05.2022

Ата заңға енгізіліп отырған ең ірі өзгерістердің бірі бұл Конституциялық сотты құру. Осылайша тұрғындардың құқығын қорғау тетігі кеңейеді. Сарапшылар конституциялық түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекет еститін және тыңдайтын, сондай-ақ азаматтарға үнемі жауап беретін болады деп отыр. Жалпы, саяси реформалар - халық пен билік арасын жақындата түседі. Халықтың пікірі ескеріледі. Сондықтан жалпыхалықтық референдумға ат салысу керек, - дейді сарапшылар

Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық кеңестің аппарат басшысы:

Бұл жердегі мақсат бір. Тағдыршешті мемлекеттік шешімдерді халықтың тікелей қатысуы арқылы қабылдау. Ол үшін алдымызда тұрған бірнеше аптаның ішінде әрбір Қазақстан азаматы ұсынылып отырған конституциялық реформалардың мәнін, мазмұынын, болашақтағы рөлін терең түсінген жөн

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу