ЕО пен Орталық Азия ынтымақтастықты арттырмақ
Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік мәселесі бойынша ынтымақты арттырып, саяси диалогты күшейтуге ниетті. Қос тарап өкілдері Брюссельде бас қосып, өзара байланысты нығайту жайын талқылады. Бәрін қазір аймақтық, ғаламдық қауіпсіздік пен азық-түлік тапшылығы, Ауғанстандағы ахуал алаңдатып отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Одақ елдерін Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберерде, Қазақстанның логистикалық, сауда-экономикалық инфрақұрылымын пайдалануға шақырды. Орталық Азияның бес елінің өкілдері Еуропаның Ресейге салған санкцияларының аймаққа кері әсері етпеуі керектігін де қадап айтты.
Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:Біз Еуропалық Одақ өкілдерімен көлік, логистика, энергетика салаларында ынтымақты арттырып, Ауғанстаннан туындайтын қауіп-қатермен жұмыла күресу мәселесін талқыладық. Еуропалық Одақ елдері Қазақстанмен трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану тәжірибесімен, технологиясымен бөлісуге дайын. Сондай-ақ, биыл Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдері басшыларының жоғарғы деңгейдегі кездесуі болады деп күтілуде.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17