Қазақстан қор биржасында доллар 3 теңгеге қымбаттап, 432 теңге 79 тиынға теңесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қор биржасында доллар 3 теңгеге қымбаттап, 432 теңге 79 тиынға теңесті

17.05.2022

Бірнеше аптадан бері нығайған ұлттық валюта бүгін аздап арзандады. Қазақстан қор биржасында доллар 3 теңгеге қымбаттап, 432 теңге 79 тиынға теңесті. Дегенмен сарапшылар алдағы уақытта теңге құнсызданып кетпейді деп болжап отыр. Оған бірнеше жағдай әсер етуі мүмкін. Қазақстан нарығына келетін инвесторлардың көбеюі, мұнай бағасының өсіп, шикізатқа сұраныстың артуы валютаға оң ықпал етеді. Бірақ экономист импортқа тәуелді елдің валютасы жиі құбылып, сыртқы факторлар әсерінен арзандауына алып келерін еске салды. Сондықтан ішкі сұраныстың 50 пайыздан аса үлесін өзіміздің тауар өндірушілер қамтамасыз етуі керек деп санайды.

Бауыржан Ысқақов, экономика ғылымдарының кандидаты:

Әрбір дағдарыс ол үлкен мүмкіндіктердің алаңына айналуы керек. Ресейге келейін деп жатқан инвесторлар ағынының транзиттік мемлекет ретінде Қазақстанға келуі. Қазақстан осы үлкен қаржылық ағынды өзіне қалыптастырып алуға мүмкіндігінің артуы. Сыртқы саудамыздың 18 пайызын алып отырған Қытаймен арадағы сауда экономикалық байланыстың қайтадан қалпына келуі.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу