Референдум-2022: Депутаттар ауыл-аймақты аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум-2022: Депутаттар ауыл-аймақты аралап жүр

17.05.2022

Ақтаудағы энергокомбинат ұжымына жалпыұлттық референдум өткізудің маңыздылығы түсіндірілді. Кездесуге қатысқан Мәжіліс депутаты Азат Перуашев маусым айында Ата заңның отыз үш бабы, яғни үштен бірі өзгертілетінін айтты. Бұл өз кезегінде, елдің қоғамдық өміріне үлкен өзгерістер әкеледі.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Қажеттігі меніңше, осы Маңғыстаудан басталған оқиғадан басталып кетті. Бұл жерде халықтың саяси мәдениеті өте жоғары деп айтуға болады. Және де басқа да біраз аймақтармен салыстырғанда бұл жерде реформаға көзқарасы да жылы деп айтсам қателеспеймін. Қаңтар оқиғасы еліміздегі саяси жүйенің кемшілігі қаншалықты тереңдеп кеткендігін ашып көрсетті.
Ал, Атырауда халық қалаулылары жылу қуат орталығының ұжымымен кездесіп, мемлекет басышының бастамасымен қолға алынған саяси реформалар туралы түсінік берді. Референдумның негізгі мақсаты: еліміздегі саяси жүйені жаңғырту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту.

Сондай-ақ бір топ мәжіліс депутаты Жамбыл облысындағы Айша бибі ауылының тұрғындарымен жүздесті. Көпшіліктің ұсыныстары тыңдалды. Халық қалаулылары көпшілікті 5 маусым күні өтетін референдумға қатысуға шақырды.
 Мейрамбек Төлепберген,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Кез келген қоғамда, әсіресе дамыған қоғамда, халықтың сенімі, көпшіліктің пікірі қоғамның үні деген ерекше маңызды. Осы орайда референдумды халықтың ашық пікіріне сүйеніп шығаруын,көпшілік өздері де қолдап отыр.

Хабарламаларға жазылу