Референдумға 11 млн 722 мың адам қатысады
5 маусымға жоспарланған Ата заңға қатысты республикалық референдумға 11 млн 722 мың адам қатысады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
Дарын Сағитов, тілші:Елімізде жалпыхалықтық науқан күні 10 013 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның 9 468-і азаматтарды тіркеу орны бойынша жасақталады. Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне тоқталсақ, 15 мамырдағы ақпарат бойынша бұл тізімге 11 млн 722 мың 536 адам енгізілген. Яғни, осынша азамат жалпыхалықтық науқанда өз дауыстарын беріп, таңдау жасайды. Азаматтардың жартысынан көбі жақтап дауыс берсе, Ата заңға өзгеріс енгізіледі. Референдум бюллетеньдері 28 мамырға дейін дайын болады. Дауыс беру бюллетеньдері 1 пайыз резервпен референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне сәйкес тең мөлшерде дайындалады. Яғни, 11 млн 839 мың 761 бюллетень жасалады. Учаскелік референдум комиссиялары дауыс берілетін күннен кемінде 7 күн бұрын бюллетеньдермен қамтамасыз етіледі.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:Бүгін біз республикалық референдумды әзірлеудің маңызды мәселелерін қарастырдық. Осылайша, референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі науқан жаңа кезеңге аяқ басты. Учаскелік референдум комиссиялары жұмысқа толығымен кірісті. Тыңдалған есептерге сүйенсек, нақты жұмыстар жүргізілді.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жергілікті атқарушы органдар учаскелердің дауыс беру күніне дайындық мәселелерін бақылауда ұстауы қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инвотакси, сурдоаудамашы сынды барлық жағдайды жасауды тапсырды. Алдағы республикалық референдумға 16,4 млрд теңге қарастырылған. Оның 21 пайызы учаскелердің материалдық-техникалық базасына, қалған 79 пайызы референдум комиссиясы мүшелерінің жалақысына жұмсалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27