Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жеткізіледі
Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 33 пайызға өсті. Ал биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша тауар айналым 1 млрд доллардан асты. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, келісссөз жүргізді. Екіжақты тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу үшін алдағы 5 жылға 41 іс-шарадан тұратын тәжірибелік іс-қимыл жоспары қабылданды. Қазақстандық компаниялардың Өзбекстанға ет-сүт өнімдерін, балық және одан жасалатын өнімдерді экспорттауға мүдделі екені айтылды. Сонымен қатар келіссөз барысында су-энергетика, білім саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:Өзбекстан – бізге бауырлас әрі көршілес мемлекет, уақыт сынынан өткен досымыз және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктесіміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек қатынасының нығаюына ерекше көңіл бөледі. Біздің негізгі мақсатымыз – екі елдің Мемлекет басшылары алға қойған міндеттерді толық жүзеге асыру және Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеру.
Абдулла Арипов, Өзбекстан Республикасының премьер-министрі:Өзбекстан қазақ ағайындармен тығыз қарым-қатынасты нығайта түсуге мүдделі. Қазақстан – мыңызды әрі сенімді сауда серіктестігіміз. Биыл екі ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға, алдағы жылдары 10 млрд долларға жеткізу қажет деп есептейміз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05