Алматы облысындағы Алтын орда базарын тексеру нәтижесінде мемлекет бюджетіне кіріс түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Алтын орда базарын тексеру нәтижесінде мемлекет бюджетіне кіріс түсті

16.05.2022

Алматы облысындағы Алтын орда базарын тексеру нәтижесінде мемлекет бюджетіне кіріс түсті. Сауда орнындағы 3 мыңға жуық кәсіпкердің салық төлеуші ретінде есепте тұрғаны анықталды. Бұны мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері растап отыр. Олардың айтуынша, базардың қызметін ретке келтіру мақсатында қызметкерлер бюджетке 1,5 млрд.теңге салық төленді. Қазіргі уақытта оның 650 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Бақылау шаралары базарды жалға алушы «Altyn Orda QazTrade Ltd» мен базар иесі «KURYLYS LTD» ЖШС-не қатысты жүргізілді.

Айнұр Сартаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

Есептелген салықтың олар 650 млн теңгесін ғана бюджетке төледі. Демек, қалған сомасы аталған салық төлеушілерінің есебінде қарыз болып тұр қазір. Яғни, олар сол қарызын неғұрлым жылдам төлесе өздеріне жақсы. Әр күнге өсімпұл есептеледі.


Хабарламаларға жазылу