Қытайда есірткі тасымалдады деген күдікпен сотталған Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін

18.09.2019

Қытайда есірткі тасымалдады деп күдікке ілініп, сотталған жерлесіміз Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары айтты. Отандасымыз қазір үкімге шағым түсіру кезеңінен өтіп жатыр. «Егер айыптаушы үкім өзгеріссіз қалса, біздің тарап жерлесімізді Қытайдан сұрауға құқылы. Сол кезде ол жазасын Қазақстанда түрмесінде өтемек», - деді Марат Ахметжанов.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Сотталған адамдарды беру туралы бізде Қытаймен екіжақты келісім бар. Қытай сотының соңғы шешімін күтетін боламыз. Егер ақтайтын болса, бұл тамаша болар еді. Ал сотталса, Ақжарқын Тұрлыбай ұсыныс айтуға құқылы. Тиісінше, біздің де жерлесіміздің Қазақстан аумағында жазасын өтеу туралы сұраныс жіберуге құқығымыз бар.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу