Қазақ елі Қалихан Ысқақты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі Қалихан Ысқақты ақтық сапарға шығарып салды

12.08.2014
Қазақ елі Қалихан Ысқақты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алаш жұрты қара сөздің хас шебері атанған  Халық жазушысы Қалихан Ысқақты ақтық сапарға шығарып салды.

Қалихан Ысқақ әдебиетке 60-шы жылдардың ортасында келді. Алғаш «Қоңыр күз еді» повесін жазып, талайды таңғалдырған.

Еңбегіне Академик Зейнолла Қабдолов сүйсініп, шығармашылығына жоғарғы баға берді.

Әсіресе,  қаламгердің шабытына қазақтың сөз маржанын тере білген жазушы Тәкен Әлімқұлов серпін берген еді.

Туған жердің табиғатын шығармаларына арқау етіп, жаз шыға Катонқарағайдың етегінде  еңбектерін жазатын қаламгердің «Топқайыңнан топырақ бұйырса», деген соңғы өтініші бар еді.

Аманатымен сүйегі Шығыс Қазақстан облысына жөнелтілді. 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу