Солтүстік Қазақстанның 6 ауданында бруцеллез анықталды
Солтүстік Қазақстанның 6 ауданында ірі-қарадан бруцеллез індеті анықталды.
Енді елдімекендерге шектеу шаралары енгізілмек. Яғни, індет ошағынан малды және ет –сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынады. 85 сиыр союға жіберілді. Иелеріне мемлекет тарапынан өтемақы беріледі. Бруцеллез дерті адамдарға жұқпаған дейді мамандар.
Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:Жыл басынан бері облыста 345 мыңнан астам малдан жоспарлы сараптама алынды. Нәтижесінде 85 ірі қараның бруцеллез жұқтырғаны анықталды. Қауіпті індет Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандарында тіркелді. Соңғысы Боголюбово ауылында. Өткен күзде де бұл елдімекен карантинге жабылған болатын. Арудың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 15 күн сайын малдардан сынама алынады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауаттарын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12