Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды

16.05.2022

Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр. Өңірдің Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылғанын хабарлады. Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталып, қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Айта кетейік 11-ші мамыр күні бұл изолятордан күдікті қашып кеткен. Ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған. Бір қызығы, оның уақытша ұстау абақтысынан қашқан видео жазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда сезікті абақтының ішінде емін еркін жүріп, ешбір қиындықсыз далаға шығып кеткен. Ал, сыртқа шыға салысымен қашып кеткені анық көрініп тұр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу