Маңғыстаулық шаруаларға 5 мың тонна арзандатылған бидай кебегі жеткізіледі. Бұған азық-түлік корпорациясы жауапты.
Сондай-ақ құрғақшылық қайталанса, одан сақтану жолы да қарастырылған. 200 мың тонна астық қоры жасақталады. Оны сатып алуға 20 млрд теңге бөлінбек. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай айтты.
Ал Маңғыстау әкімдігі биыл асыл тұқымды мал басын арттырып, өнім сапасын көтеру үшін жергілікті бюджеттен субсидиялауға 580 млн теңгедей бөлді. Бұдан бөлек, мұнай компаниялары да қолдау көрсетіп отыр. Енді шаруалар кебектің бір қабына 2100 емес, мың жарым теңге төлейтін болады.