Украина мәселесі. «Үлкен жетілік» елдері бас қосып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мәселесі. «Үлкен жетілік» елдері бас қосып жатыр

13.05.2022

Украинадағы жағдай «Үлкен жетілік» елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде талқыланып жатыр.

Әлемнің жетекші дипломаттарының басы қосылған екікүндік жиын, Германияның Қара теңіз жағалауындағы курортты қаласында басталды. Делегаттар Украинадағы қарулы қақтығыс, Ресейді оқшаулауды күшейту, осы елдің мұнайын сатып алуға тыйым салу мәселелерін талқылайды. Бұған қоса, «Үлкен жетілік»  Украина жеңіске жеткенге дейін оған қолдау көрсететінін мәлімдеді. Ал, ЕуроОдақ елдері болса, жиында Киевке көмекке тағы 500 млн еуро бөлетінін жариялады. Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан болса, "әлем лидерлері Украинадағы әскери қақтығыстың ұзаққа созылатынына дайын болуы керек деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу