Еуроодаққа 10 сауда ағыны бойынша тауар жеткізу жеңілдейді
Енді Еуроодаққа 10 сауда ағыны бойынша тауар жеткізу жеңілдейді. Яғни негізгі тауар түрлері таңдалып, олардың экспорттық-импорттық рәсімін жеңілдетеді. Мысалы, Еуроодақ елімізден өсімдік майын импорттаса, Қырғызстаннан бұршақ пен жидекті, Өзбекстаннан жеміс, көкөніс пен Тәжікстаннан кептірілген жемісті сатып алып отыр. Сонымен бірге Ресей арқылы тасымалданған тауарларға балама бағыт та қарастырылып жатыр. Енді Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құрылады. Бұл осы порт арқылы жүк тасымалдау көлемін 100 мың жиырма футтық эквивалентке арттырады. Әрі транскаспий көлік бағыты арқылы алыс-берісті жолға қоюға жақсы мүмкіндік. Өйткені Батыстың көрші елге қысымы бірқатар тауар тасымалын тежеп қойды.
Владимир Евсеев, сарапшы:
Әрине, бұл логистикаға кері әсерін тигізді. Тізбектердің бұзылуы көбінесе өндірісті тежейді. Техника, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі қазірден сезілуде, өйткені жеткізу тізбегі бұзылған, кейбір дәрі-дәрмек түрлерінің жетіспеушілігі де бар. Егер Батыстың қысымы көбейсе, жұмыссыздық артады. Үкімет тауар тасымалдаушыларды тарту үшін бірқатар шараны қолға алғанын білеміз, бірақ оның нәтижесі тек қыста белгілі болады».
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21

Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
Түркістанда 1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
11.09.2025, 20:15
Жүргізуші куәлігі мен техпаспорттың жаңа үлгісі енгізілмек
11.09.2025, 20:06
Енді мобильді деректер статистика бюросына беріледі
11.09.2025, 20:03
Елімізде ЖІӨ өсімі 6,5 пайызға артты
11.09.2025, 20:00
Іссапар, семинарлар қысқарады: Бюджет 68 млрд теңгеге үнемделеді
11.09.2025, 19:59
15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану тоқтатылады
11.09.2025, 19:56