Конституцияға енгізілетін өзгерістер қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституцияға енгізілетін өзгерістер қандай?

12.05.2022

Президент тізгінді тартады. Конституцияда оның өкілеттігін шектеу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы саяси партияда болмауға тиіс. Жақын туыстары мемлекеттік саяси және ұлттық компаниялар басшысы лауазымын атқаруға хақысы жоқ. Облыс және респбуликалық маңыздағы қалалар әкімдерін тікелей тағайындай алмайды. Мәслихатқа кемінде екі үміткер ұсынып, депутаттардың келісімімен ғана бекітіледі.

Сондай-ақ Конституциялық сот, Ұлттық банк, Жоғары Сот кеңесі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалары мен бас прокурорды тікелей бекітпейді. Сенаттың келісімі керек. Айтпақшы, осы аталған орган қызметкерлері саяси ұйымдарға мүшелікке өтпейді. Ал, мәжіліс депутаттарын сайлау партиялық тізіммен ұсынылмайды. Енді халық тең және төте сайлау өткізеді.

Сондай-ақ заң қабылдау керісінше сипатқа ауысты. Яғни Сенат мақұлдап, Мәжіліс қабылдайды. Сөйтіп Президенттің қол қоюына жіберіледі. Егер ол келіспесе кері қайтарады. Бірақ, депутаттардың 3-тен 2 бөлігі Президент шешімін қабылдамаса Президент сонымен келіседі. Парламент дағдарыс жағдайында заң жобасын шұғыл әзірлеуі керек. Құжат қаралып жатқанда үкімет өз жауапкершілігімен нормативтік-құқықтық акт негізінде шара қолдана береді. Жалпы өзгеріс енетін 33 бап ел референдумынан өтеді.    

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу