Алматыда Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов бір топ мұғалімдермен кездесті
Бүгін Алматыда Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов бір топ мұғалімдермен кездесті. Шара еркін форматта өтті. Мақсат – Конституциялық референдумның маңыздылығын түсіндіру. Депутат референдумның стратегиялық маңызына тоқталды. Айтуынша, осы уақытқа дейін жергілікті мәслихат әкімдердің ығына жығылып келген. Енді аудандық, облыстық және қалалық деңгейдегі сайланатын депутаттардың орнына қоғамдық-саяси мәселелерде өзінің айтары бар азаматтардың келуі қалыптасқалы жатыр.
Ғазиз Құлахметов, Парламент Мәжілісінің депутаты:Ревизиялық комиссиялардың өкілеттіліктерін алып алған болатын. Қазір сол өкілеттіліктерді сәйкесінше аймақтарға беру мәселесі пысықталып жатқан жайы бар. Ең маңыздысы – ұстаздар қауымына, адамдар үшін осы референдумға белсенді түрде атсалысып, келу қажеттілігін насихаттамақ ойымыз бар.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58