Жүк тасымалдаушыларға бақылау күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк тасымалдаушыларға бақылау күшейеді

11.05.2022

Санкцияға іліккен Беларусь пен Ресей жүк тасымалдаушылары енді Еуропаға кіру үшін Қазақстанның нөмірін пайдаланып жүр. Қазір олар елімізге тіркеліп, шетелдік рұқсат бланкілерін алып, автокөлікпен барлық жүкті Еуропаға кедергісіз тасымалдауға көшті. Шетелдік рұқсат бланкілерінің жетіспеуі салдарынан автокөлікті жалдау құны 5 мың еуродан 15 мың еуроға дейін өскен. Қызметін Қазақстанға көшірген ірі ресейлік және белорустық автотасымалдаушылар біздің кәсіпорындарды нарықтан ығыстырып, сол арқылы жергілікті компаниялар мен халықтың табысын азайтады дейді депутаттар. Өйткені олардың ауыр жүктерінде негізінен өз азаматтары жұмыс істейді. Депутаттар бөлінген рұқсат бланкілерін пайдаланбайтын компанияларды тексеруді, бақылауды күшетуді, отандық автокәсіпорындарға лизинг үшін жеңілдік жасауды ұсынды.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу