Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 230 мың тонна дизель отыны жеткізілді
Биыл ақпан-сәуір айлары аралығында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 230 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша жанармай тапшылығы болмайды. Арзандатылған бағамен 400 мың тонна бөлінген. Тиеп-жөнелту жұмыстары тәулік бойы қадағаланады. Жыл соңына дейін дизель отынының ашық бөлінуін бақылау үшін деректер базасын құру көзделген. Электронды-ақпараттық жүйе жанар-жағармайды шаруаларға тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Дизель отынына шекті баға бекітілген. Дегенмен кей өңірлерде құны әртүрлі болуы мүмкін. Оның себебі тасымалға байланысты.
Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы МӨЗ-де 1 тоннасы үшін 212 мың теңгені құрайды. Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, АШТӨ үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан орташа алғанда 15-30%-ға төмен болады.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17