Маңғыстау облысында бұршақ жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында бұршақ жауды

07.05.2022

Шаңды дауыл тұрып, оның соңы бұршаққа ұласқан. Бұршақтың үлкендігі соншалық, жолдағы көліктердің бәрінің терезесі сынған. Кейбір жүргізушілер көліктерін жолдағы аялдамаға қойып, аман сақтап қалған. Осыдан 2 күн бұрын облыста нөсер жауын жауып, әсіресе Жаңаөзен қаласының көшелерін, 3 тұрғын үй мен 80-нен астам үйдің ауласын су басты. Сондай-ақ, 3 мектептің жертөлесі суға кетті. Қазір қаладағы су сору жұмыстарына барлық мекемелер жұмылдырылған.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу