Альфа банктің 100% акциясын ЦентрКредит банкі толық сатып алды
Санкция салдарынан біраз қиындыққа тап болған Альфа банктің 100% акциясын ЦентрКредит банкі толық сатып алды. Осымен арадағы сауда-саттық аяқталды. Бұдан былай еншілес қаржылық институт Eco Bank атауымен жұмыс істейді. Банктен несие алған немесе депозитте ақшасы жатқан азаматтар үшін барлық шарт өзгеріссіз қалады. Енді бұрынғы Альфа банк жаңа атаумен отандық банкке айналады. Бұған дейін олар борышкерлердің 220 млрд теңге қарызын да ЦентрКредитке аударған еді. Жалпы санкцияның салқыны әлемдік қаржы институттарын айналып өтпеді. Блумберг геосаяси ахуал салдарынан Еуропалық банктердің 7 млрд доллар жоғалтқанын жазды.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09