Шымкентте жалғызілікті ананың пәтері түгі қалмай өртеніп кетті
Шымкентте 6 баласы бар жалғызілікті ананың пәтері түгі қалмай өртеніп кетті. Сарапшылардың қорытындысы бойынша от электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Апат болған түні балалардың анасы жұмыста болған. Ол вахталық ауысыммен аспаздың көмекшісі болып жұмыс істейді. Ересек ұлының арқасында перзенттері өрттен аман қалған. Қазір отбасы нағашы әжесінің саяжайдағы баспанасында уақытша тұрып жатыр. Үш бөлмелі пәтерін өз күштерімен жөндеуді бастады. Жалғызілікті ананың арызы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 1 миллион 225 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдем бермек. Сондай-ақ ерікті жастар апаттан зардап шекккен отбасыға 700 мың теңге қаржы жинап үлгерді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10