Қызылордада жалған қызметтік куәлік көрсеткен көлік жүргізушісі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жалған қызметтік куәлік көрсеткен көлік жүргізушісі ұсталды

04.05.2022

Қызылордада жол патрульдік полициясы «Антикор өкілімін» деп жалған қызметтік куәлік көрсеткен көлік жүргізушісін ұстады. 34 жастағы тұрғын жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Айыппұлдан жалтару үшін, ол сақшыларға өзіннің Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес қызметкері екенін айтып, сес көрсеткісі келген. Алайда, жүргузішінің бұл айласы жүзеге аспады. Полициейлер қызметтік куәлікті тексеру барысында, оның қолдан жасалған, жалған құжат екенін бірден анықтаған. Енді басына бәле тілеп алған жігіт, әкімшілік айыппұлмен оңай құтылмайды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру шаралары аяқталғанша, қаладан ешқайда кетпеу түрінде, бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Хабарламаларға жазылу