Премьер-Министр Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасарымен кездесті

04.05.2022

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті. Олар Қазақстанның макроэкономикалық дамуы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі және инвестиция тарту мәселесін талқылады. Экономикаға сырттан келетін күрделі жағдайлардың салдарын жеңілдету мақсатында 2022 жылға 1,2 трлн теңге бөлу көзделген. Бұл қаражат өңдеу өнеркәсібін қолдауға, ауылшаруашылығы өндірісі, күре жолдарды дамытуға, кәсіпкерлердің несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға, кепілдендіруге бағытталады. Жиында сонымен бірге, аймақтағы ең ірі қаржы конференцияның бірі – Astana Finance Days-ті өткізу жоспары талқыланды. 

Хабарламаларға жазылу