Ақтөбеде балаларды ұрып-соққан: Мекеме қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды
Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары мүгедек балаларды ұрып-соққан. Бұл жөнінде прокуратура өкілдері мәлімдеді. Қазір бізбен тікелей байланысқа осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал шығуға дайын. Жақсыбек, тәрбиеленушілерге қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны қалай анықталды?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Зорлық-зомбылық жасалғаны туралы прокуратураға шағым түскен. Мекеме ішіндегі бақылау камераларын тексерген мамандар қызметкерлердің бір емес, бірнеше мәрте балаларды ұрып-соққанын көрген. Оқиға болған №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылығы айыппен келіспей отыр. Дегенмен, аталған факт бойынша «Қинау» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Орталықта туа бітті сал ауруына шалдыққан, даун синдромымен ауыратын 42 бала бар. Прокурорлар балаларды ұрып-соққан қызметкерлердің саны мен басқа да деректерді тергеу құпиялығына байланысты жариялаған жоқ. Алайда, қазір мекеме мамандары түгелдей жұмыс орнында жүр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ-тағы «Кремний алқабында» екі елдің қауымдастығы құрылды
28.10.2025, 13:30
2 мыңдай әлеуметтік қызметкер біліктілігін арттырды
28.10.2025, 13:18
Энергия сақтайтын нысандар салынатын болды
28.10.2025, 13:16
Шымкентте Қазақ – Ауған бизнес форумы өтуде
28.10.2025, 13:13
«Лукойл» шетелдегі активтерін сату жоспарын жариялады
28.10.2025, 13:11
Түркияда тағы жер сілкінді
28.10.2025, 13:10
Ақтауда көпқабатты үйде газ жарылды
28.10.2025, 13:07
ҰҚК қызметкерлері теракттің алдын алды
28.10.2025, 13:03