«Нұр жолы» бекетінің басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр жолы» бекетінің басшысы ұсталды

03.05.2022

«Нұр жолы» бекетіндегі былықтан мемлекетке 165 миллиард теңгеге залал келген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақ-Қытай шекарасындағы кеденде тексеру жүргізген Бас прокуратура осындай заңсыздықты әшкере етті. Мәліметтерге сай, мұнда тауарларды жалған декларациялаудың 400-ге жуық фактісі анықталған. Кәсіпкерлерді салықтан жалтару үшін уәкілетті экономикалық операторлар соңғы екі жылда 221 миллиард теңгеге жалған счет-фактура жасаған. Тексерудің тек бір айында жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі әшкере болды. Ең сорақасы прокурорлар осындай заңсыздықтарды анықтаған соң, бекет басшысы 50 мың доллар көлемінде пара бермек болған.

Дархан Дүйсембай, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

Алайда прокуратура қызметкері олардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп арнайы шаралар жүргізу кезінде пара берушілердің әрекетін әшкерелеген. Жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін Үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.


Хабарламаларға жазылу