Қазақстан-Қытай шекарасындағы кезек азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай шекарасындағы кезек азайды

20.03.2023

Соңғы аптада Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» бекетінің өткізу қабілеттілігі едәуір артқан. Өткен аптада Қытайдан Қазақстанға «Нұр Жолы» бекеті арқылы 680-нен астам жүк көлігі кірген. Арғы аптада 150 көлік қана кірген еді. Ал, керісінше, Қазақстаннан Қытайға 140-қа жуық көлік өткен. Бұл мәліметті Үкіметте өткен кеңесте Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Данияр Жаналинов айтты. Сондай-ақ шекарадағы кезек 300 көліктен шамамен 70 көлікке дейін азайды,-деді ол. 

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу