Бүгін Қадір түні. Қасиетті түнге орай Ұлттық арна жылда тікелей эфирде арнайы жоба ұсынады. Игі дәстүрді жалғастыра отырып, бүгін түнде елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінен хабар таратады. Қазір мұндай дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бағдарлама сағат 23:20-да эфирге шығады. Түнгі 1:30-ға дейін жалғасады. Мұсылман қауымы үшін күндердің қайырлысы - жұма болса, түндердің қайырлысы - Қадір түні. Биыл бұл қасиетті түн сәуірдің 27-нен 28-не қараған түніне сай келіп отыр. Қадір түнінің құт-берекесі шексіз. Қыдыр ата келеді деген сенім бар. Ал, қасиетті түнді қарсы алған әр мұсылманға не парыз? Жалпы, қасиетті түнді қалай өткізген дұрыс? Бағдарлама барысында осы секілді көптеген сұрақтарға жауап ала аласыздар. Қысқаша сұхбаттар болады. Бағдарламаны әріптестеріміз Шерхан Жамбылұлы, Ләйлә Дулатқызы, Гүлназ Әлімгерей және Дархан Рахмыжан жүргізеді.
Дарын Сағитов