Қадір түнінде Ұлттық арнада арнайы бағдарлама шығады
Бүгін Қадір түні. Араб тілінде «қадір» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» дегенді білдіреді. Қасиетті түнге орай Ұлттық арна жылда тікелей эфирде арнайы жоба ұсынатынын қалың көрермен жақсы біледі. Игі дәстүрді жалғастыра отырып біздің арна бүгін түнде елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінен хабар таратады. Қазір әріптесім Дарын Сағитов тікелей эфирде. Дарын, қазір дайындық жұмысы қалай жүріп жатыр?
Дарын Сағитов, тілші:
Мұсылман қауымы үшін күндердің қайырлысы - жұма болса, түндердің қайырлысы - Қадір түні. Биыл бұл қасиетті түн сәуірдің 27-нен 28-не қараған түніне сай келіп отыр. Қадір түніне арналған бағдарлама Ұлттық арнада сағат 23:30-да басталады. Осы түні жасалған ғибадат-құлшылықтың сауабы мың айға, яғни 83 жылға тең. Қадір түнінің құт-берекесі шексіз. Қадір түні Қыдыр ата келеді деген сенім бар. Ал, қасиетті түнді қарсы алған әр мұсылманға не парыз? Жалпы, қасиетті түнді қалай өткізген дұрыс? Бағдарлама барысында осы секілді көптеген сұрақтарға жауап ала аласыздар. Қазір Әзірет Сұлтан мешітінде дайындық жүріп жатыр. Бағдарламаны әріптестеріміз Шерхан Жамбылұлы мен Гүлназ Әлімгерей жүргізеді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17