Семейлік өнертапқыш қалдық заттардан 3D принтер құрастырды
Елордалықтар қоқыстан құтыла алмай жатқанда, Семейлік өнертапқыш қолда бар қалдық заттарды кәдеге жаратып, 3D принтер құрастырып шықты. Техника ғылымдарының кандидаты Надир Ибрагимов ол үшін көп қаржы жұмсамаған. Құрылғыға қажетті екі бөлшекті ғана Қытайдан тапсырыспен алдырған. Ал өзгелерін фанера, ескі компьютерлердің қалдықтарынан жинапты. Принтерге керекті қымбат пластик жіп үшін де шығындалмайды. Өнертапқыш оны бос қалған құтылардан дайындайды. Қазір құрылғысы арқылы қажет детальдарды басып шығарып, өзі студенттері үшін кезекті принтерді құрастырып жатыр.
Надир Ибрагимов, техника ғылымдарының кандидаты:
Мен шикізат ретінде тағам өнімдерін қолдануды жоспарлап отырмын. Қатық, өзге де қою тағамдар арқылы қажет формаларды басып шығармақпын. Онымен түрлі кондитерлік өнімдерді безендіруге болады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Лоуэлл» дауылы Гавай аралдарына таяды
08.09.2026, 17:07
Ұлыбритания Израильге қарсы шектеу енгізбек
08.09.2026, 17:05
Анасын баққаны үшін жазадан құтылды
08.09.2026, 17:03
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15