Түркістан облысында тасқын кезінде 370 бас мал өлген
Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында нөсер жауын салдарынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді. Соңғы мәліметтер бойынша, кешегі жауында 370 бас мал өлген. Қазір бізбен скаип арқылы тікелей эфирге осы өңірдегі тілшіміз Айнұр Ақбаева шығып тұр.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Қазір Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы нөсер жауыннан зардап шеккен ауылдар ретке келтіріліп жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері арықтарды тазалап, тұрғындарға қолғабыс етуде. 15 техника, 13 мотопомпаның күшімен су сорылып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар шығын болған малдың саны 370 басқа жеті. Комиссия шығын көлемін әлі нақты жарияламады.
Облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, көмек көрсету жағы шешілуде. Мәселен, мал шығыны бойынша, ережеге сәйкес өтемақы төленеді. Ал, тұрғын үйлер жөнделіп, ғимараттар мен баспаналардың шатыры қалпына келтіріледі. Шаруашылық ғимараттарды жөндеуге де әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05