Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 25 млрд доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 25 млрд доллардан асты

23.04.2022
Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 25 млрд доллардан асты

Былтыр Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 25 млрд доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Көрші бізбен барлық салада ынтымақты жандандыруға мүдделі. Бұл туралы ресейлік әріптесімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты әріптестік жайын талқылады. Жуырда елімізде Ресейлік екі университеттің филиалы ашылмақ. Ресейлік банктердің Қазақстандағы жұмысы да сөз болды.

Министр «Сбербанктің» Қазақстандағы филиалдарына қатысты санкциялардың 3 айдан кейін ғана күшіне енетінін айтты. Сонымен қатар, екі елдің тарихшыларынан құралған топ жұмысын жандандырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Сапар барысында Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия + Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің бесінші отырысына қатысты.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі:

Әрине, Қазақстан үшін ең маңызды мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері, ауыл шаруашылығы заттарын экспорттау мәселелері қиындық туғызуда. Сонымен қатар, әріптестерімізбен бірге бұл форматты бұдан да жоғары деңгейге көтеру мәселесі талқыланды.


Хабарламаларға жазылу