Түркістан облысы Кентау қаласындағы жылу орталығының 6 қазандығын бастан аяқ жөндеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жылу орталығының 6 қазандығын бастан аяқ жөндеу керек

22.04.2022

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы жылу орталығының 6 қазандығын бастан аяқ жөндеу керек. Бүгін өңірге барған Энергетика министрі Болат Ақшолақов осындай тапсырма берді. Жылу желілерін алдағы маусымға дайындау үшін 3 млрд теңгеден аса қаражат керек. Ал, саурандықтар Энергетика министріне құбырлар тартылғанымен , газ берілмей отырғанын айтып, көмек сұрады. Сондай ақ, кездесуде баламалы энергия көздерін дамыту жайы да талқыланды.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
2021 жылға дейін біз 3 пайыз көлемінде атқаруымыз керек еді, қазір одан асып кеттік. Былтыр мысалы 4,2 мрлд квт сағат шығарылды сол энергиядан. Оңтүстік аймақта күн көзінен шығатын энергияның жағдайы баршылық. Батыста мысалы Каспий өңірінде желден келетін энергия көп.

Айнұр Ақбаева  


Хабарламаларға жазылу