Бельгияда кәсіподақ ұйымдары жаппай шеруге шықты. Елдің бірнеше қаласында қызметкерлер жұмысты қойып, наразылық акциясына қатысуда. Қазір бізбен Брюссельдегі тілшіміз Нұрсұлу Қасым байланысқа шыққалы тұр. Нұрсұлу, ереуілдің басылатын түрі бар ма? Басты талаптары не?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Жоқ, ереуіл күшеймесе әзір басылатын түрі жоқ. Шеруді ұйымдастырушы үш кәсіподақ ұйымының басшылары 5 мыңға жуық астам қатысады деп отыр. Дені теміржолда, құрылыста істейтіндер. Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компанияның қызметкерлері. Көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай, осында жүргендіктен бүгін метро, автобус, трамвай, яғни қоғамдық көлік қатынасы қиындады. Сондықтан, тұрғындар сабаққа, жұмысқа жаяу баруға мәжбүр. Бельгиялық кәсіпорындар федерациясының алдына жиналғандар жалақыны көбейтуді талап етуде.
Филипп Вансник, кәсіподақ ұйымының хатшысы:
1996 жылғы заңда жалақының көтеруін шектейтін баптар бар. Соны өзгертуді талап етудеміз. Азық-түлік, тоқ, пәтер жалдау, бәрінің бағасы өсті. Бірақ, жалақымыз өспейді. Қиналып кеттік.
Сондай-ақ, бүгін ирландиялық әуе компанияда істейтін 600-ден астам бельгиялық қызметкер де басшыларынан жалақыны көтеруді талап етуде. Бельгиялық бортсеріктер жұма, сенбі, жексенбі, яғни үш күн жұмысқа шықпай, ереуіл ұйымдастырамыз деп отыр. Осы ереуілдің кесірінен бүгін елдің екі әуежайынан алыс, жақын шетелдерге ұшуы тиіс 50 рейс кейінге шегерілді. Кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен қызметкерлер «компания басшылығы кадр саясатына инвестиция құймаса» наразылық акциясын жалғастыра беретіндерін мәлімдеді.
Нұрсұлу Қасым