Елордада көлікті тұраққа дұрыс қоймаған жүргізушіге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада көлікті тұраққа дұрыс қоймаған жүргізушіге айыппұл салынады

22.04.2022

Бүгіннен бастап рұқсат етілмеген орындарда көлік қою, полицияның қатысуынсыз автоматты түрде тіркеледі. Бұл «Дозор-М» фото-бейне технологиясымен реттеледі. Қондырғы арқылы машинаның нақты уақыты мен орнын анықтауға болады. Егер жүргізушілер темір тұлпарын тұраққа дұрыс қоймаса немесе көрінген жерге қалдырса, айыппұл арқалайды. Көлемі 15 мыңнан бастап, 30 мың теңгеге дейін. Айып ақша, қала бюджетіне түседі. Ал, даулы істерді полиция қарайтын болады. 

Хабарламаларға жазылу