Виртуалды операторларды заңдастыруы мүмкін
Елде виртуалды ұялы байланыс операторларын заңдастыру жоспарланып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұған дейін олардың нарыққа кіруіне шектеу қою мәселесі көтерілгенін айтады. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі тиісті заңға өзгеріс енгізбек. Бұл радиожиілікті бірлесіп пайдаланбай-ақ байланыс операторларымен еркін келісімшартқа отыруға мүмкіндік береді. Қазір елімізде байланыс операторлары мен банктерге тиесілі цифрлық жүйе бар. Бұрын нарыққа кірген ойыншыға міндетті түрде радиожиілікті пайдалануға рұқсат алу үшін лицензия қажет еді. Онсыз жұмыс істеуге шектеу қоятын. Енді виртуалды байланыс іске қосылса, бұл жұмыс жеңілдейді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09