ШҚО-да бруцеллез жұқтырған мал саны 6 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да бруцеллез жұқтырған мал саны 6 мыңға жетті

20.04.2022

Бруцеллез жұқтырған 6 мың бас мал сойылды! Бұл – Шығыс Қазақстандағы тек 4 айдағы көрсеткіш. Жұқпалы індеттен Үржар мен Күршім ауданы тұрғандары зардап шегіп отырғандарын айтады. Қорадағы малына қарап отырған кейбір отбасылар таяғын ұстап қалған. Ал облыстағы осы салаға жауапты мемлекеттік инспекция мен ветеринар мамандарда бруцеллезді толық жоюға п әрмен болғанмен дәрмен жоқ. Ауру асқынып тұрған ауылдарға тілшіміз Олжас Керейхан арнайы барып жағдайды көзбен көріп келген еді.

Күршім ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғыны Ерік Құмарғазин екі жыл бұрын 1 миллион 600 мың теңге несие рәсімдеп,6 сиыр сатып алған. Қыстай бағып, көктемде енді бұзаулай бастағанда 2 сиыры бруцеллез жұқтырған. Дереу сояды, көзін жояды. Қалған 3-4 бастан да былтыр ауру анықталған. Ал несиені әлі төлеп отыр.

Ерік Құмарғазин, ауыл тұрғыны:
Содан кейін қора бұздым. Қорадан дегеннен кейін, жаңа қора салдық. Міне. Бәрібір болмады. Жылана қайта-қайта бруцллез шыға берді де қазір мал жоқ. Құрыды. Қора бос қалды.

Ауыл тұрғынының осыдан соң беті қайтып қалған. Қайтадан мал өсіргісі келмейтінін айтады. Ауылда ауру қатты асқынғандықтан бірнеше жыл карантин жарияланыпты.

Серік Садықов, ауыл тұрғыны:
Бруцеллез болғалы 16 жыл . Содан кейін қыстыгүні туғалы тұрған екі сиярымды бруцеллез деп әкетті. Өзі екі-ақ сиыр қалды. Сол тиылмай тұр. Соны мына бұзау, қозы кезінен емдесе.
Бәйкен Қалмов, ауыл тұрғыны:
Қазір аулыда вет-дәрігер жоқ, малда.. Бір мал ауырса білетін азаматтарға жүгіреміз. Сиыр мен қой туа алмаса? Енді Күршімнен келіп, барып шақырта алмаймыз.  Вакцинасы уақытылы егілу керек.Әлі безде қан алып жатыр. Сібір жарасына екпе соқты ғой деймін. Қалған қарасанға екпеді. Бойдақ малды жібере алмай отырмыз.

Жайылымға жібере алмай отырған отбасылардың малы қорасында тұр. Тек осы көктемде Күршім ауданында 300-ге жуық малдан бруцеллез анықталған.

Мэлс Қайнолдаев, Облыстық ауылшаруашлығы басқармасы эпизоотияға қарсы бөлімінің басшысы:
Алғабас аулын айтсақ қазіргі таңда отарлар топтастырылып бағылмаған. Мал иелері жайлауға жібере салады, бақпай. Бруцеллез ауруына түсіндірме жұмысын жүргізгеміз, мал дәрігерлері. Жалғыз ветеринар жоя алмайды. Халық бірілесіп, жұмыс істесе, онда түбегейлі жоюға болады.

Бруцеллезді тек Күршім емес Үржарлықтар да түбегейлі жоя алмай отыр. Биыл соңғы 4 айда бұл ауданда ірілі- ұсақты 1300 малдан ауру анықталған. Қазір төрт түлікке көктемгі вакцина егіліп, жаппай қаны алынып жатыр. Ауылдағы ел-жұрт енді қан сараптамасының қорытындысына алаңдап отыр.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу