Ел қазынасына 4 трлн теңгеге жуық салық түсті
Ел қазынасына 4 трлн теңгеге жуық салық түсті. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері былтырға қарағанда салықтан түсетін ақшаның 1 трлн 520 млрд теңгеге көбейгенін айтты. Бұған бірнеше фактор әсер еткен. Әсіресе бірінші тоқсанда өзге мемлекеттермен тауар айналымы 1,6 есе артқан. Яғни экспорт пен импорттың үлесі бірнеше есе ұлғайды. Мұнайдан түсетін табыс салығы да былтырмен салыстығанда 502 млрд теңгеге өскен. Кірістер комитетінің мәліметінше, шикізаттан салықтың көп түсуіне бағасының 65,5%-ке өсуі себеп болған. Ішкі нарықтағы тауарларға қосылған құн салығы, кедендік баж салығынан да пайда артқан.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтауда жаңа порт салынып, 800 жұмыс орны ашылады
24.07.2026, 20:07
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 17:22
Ел жаңалықтрына шолу
24.07.2026, 17:19
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 17:18
Шымкентте таудан аққан сел бірнеше көшені шайып кетті
24.07.2026, 17:15
Испанияда төтенше жағдай жарияланды
24.07.2026, 17:13
Орман өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді
24.07.2026, 17:12
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа вакцина шығарылды
24.07.2026, 17:10