Дүниежүзілік банк әлем экономикасының биылғы өсімін 4,1 пайыздан 3,2 пайызға дейін төмендетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік банк әлем экономикасының биылғы өсімін 4,1 пайыздан 3,2 пайызға дейін төмендетті

19.04.2022

Дүниежүзілік банк әлем экономикасының биылғы өсімін 4,1 пайыздан 3,2 пайызға дейін төмендетті. Бұл туралы мәлімдемені осы банктің президенті Дэвид Малпасс жасады. Оның айтуынша, болжам көрсеткіштерінің төмендеуі Еуропа мен Орталық Азиядағы экономикалық дамудың баяулауымен байланысты. Сарапшылардың пікірінше, Ресейдің Украинаға әскер кіргізуі Шығыс Еуропаға пандемия кезінен де үлкен зиян тигізіп жатыр. Және де сол қарулы қақтығыстар кесірінен Украинаның жалпы ішкі өнімі биыл 2 есе қысқаруы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу