Жамбыл облысында тұрғын үйден өрт шығып, 120 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді
Жамбыл облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. 4 сағатқа жуық жалынмен арпалысқан өрт сөндірушілер тілсіз жаудың бетін әзер қайтарды. Қазір осы оқиғаға байланысты жамбылдық әріптесім Нұрдос Болатұлы тікелей байланыста. Нұрдос қазір ахуал қалай, шығын көлемі анықталды ма?
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Кеше түнгі 2-нің шамасында Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйдің шатырынан өрт шықты. Шұғыл әрекет жасаған төтеншеліктер, 120 тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Нәтижесінде таңғы сағат 5-тер шамасында қызыл жалын сөнді. Шатырдың 720 шаршы метрі жанып кеткен. Сондай-ақ, 40 тұрғынға, жақын маңдағы мектептен төсек орын дайындалып, сонда орналастырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен шақырылған арнайы мамандар, өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. Шығын көлемі әлі есептелуде. Қосымша ақпараттарды жаңалықтардың алдағы санында баяндаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05