Антонио Маджио - Италиялық «Х-фактор» телебайқауының жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антонио Маджио - Италиялық «Х-фактор» телебайқауының жеңімпазы

23.07.2014
Антонио Маджио - Италиялық «Х-фактор» телебайқауының жеңімпазы

Италияның Сан-Пьетро-Вернотико қаласынан келген Антонио Маджио «музыканы тыңдау арқылы үйрендім», дейді. Ол италиялық «Х-фактор» шоуына «Арам квартет» тобының мүшесі ретінде қатысып, жеңіске жеткен. 2013 жылы Сан-Ремо фестивалінде бас жүлде алған.

Қатысушының ең үлкен арманы – 20 жылдан кейін тағы бір әндер жинағы үшін достарынан сүйінші сұрап, жаңа өлеңдерде өз көңіл-күйімен бөлісу.

«Әрине маған классикалық және қазіргі италиялық әнші-ақындар ұнайды. Мен Н. Фаби, Д. Сильвестри, Ч. Кремонини сияқты әншілермен, ал ең бастысы, Адриано Челентаномен дуэт құрып, өлең айтқым келеді», - дейді Маджио.  

Әнші оқу кезінде тарих пәнін сүйіп оқыған. Мектеп шағын есіне түсірген әнші: «Маған менің елімнің мәдениеті қалай қалыптасып, дамығаны өте қызықты. Ал, математиканы мүлдем ұнатпайтынмын. Себебі ештеңе түсінбедім», - дейді.

Италиялық әртіс билеуді және тамақ пісіруді білмейді. Алайда, көп ғасырлық тарихы бар ұлттық дастарқанын мақтан етеді.

Француз және аздап испан тілін біледі. «Осыған қоса, әрине, мен өзімнің италиялық Салентино диалектісін ешқашан ұмытпаймын», - деп қалжыңдайды әнші. 

Антонио Маджио «Nonostante tutto» («Еш кедергіге қарамай») және «L’equazione» («Теңдік») атты екі альбомның авторы. 

Хабарламаларға жазылу