Шымкентте биыл кене шаққан науқастар былтырмен салыстырғанда үш еседен асып кетті. Өйткені, күн күрт жылынып, зиянкестерге ерте жан біткен.
Мегаполисте күн жылынғалы 22 адам дәрігерге жүгінген. Бірақ, кенеден кесел жұқтырып, ауыр зардапқа шалдыққандар жоқ. Зоологиялық топ бүгінге дейін кененің ошағы саналатын аймақтарды аралап, жәндіктердің кейбірінен қырым қанды безгегінің вирусын анықтаған. Шаһарда зарарсыздандыру шаралары мамыр айының соңына дейін жүргізіледі.
Ұлжан Әлібаева, Шымкент қаласы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы:
Конго қырым қызбасы ауруы туралы, бұл аурудың қауіптілігі, өлімге алып келетіні туралы желілерде, осындай сұхбаттарда айтып келеміз. Мүмкін соның әсері болар медиуиналық қызметке адамдар көп жүгінетін болған.
Ал Шығыс Қазақстан облысында тек соңғы үш тәулікте 47 адамды кене шаққан. Көбі Өскемен қаласының тұрғындары. Оларға дер кезінде ем-дом жасалып екпе егілген. Тек Өскемен қаласы емес, тағы 8 аудан кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады. Сондықтан ол аумақтарға жылына екі рет зарарсыздану жұмысы жүргізіледі.
Ғани Қалмаханов