Мұнай зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 млрд теңге жымқырылған
Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртауға деп бөлінген 20 миллиард 500 млн теңге жымқырылған. Қазір бұл істер бойынша тергеу амалдары жүріп, кінәлілер анықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы айтты. Қазына қаражатын талан-таражға салғандармен күрес қалай жүріп жатыр? Бұл туралы Шерхан Жамбылұлы баяндады.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:Қазіргі таңда қазына қаражатының әрбір тиынына дейін бақылау күшейіп отыр. Президенттің тапсырмасынан кейін біршама салада тексерістер жүргізілді. Жанат Элимановтың сөзінше қазір қаржылық мониторинг агенттігімен 552 қылмыстық іс қозғалған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген. Мәселен кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:Президент тапсырмасына сәйкес бұл жұмыстар да белсенді жүріп жатыр. Қазіргі таңда 7 қылмыстық іс тергелуде және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған. Бұдан бөлек агенттік төрағасының айтуынша, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінеді. «Тариф» жобасы аясында коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің негізсіз өсу деректерін анықтау және монополиялардан арылту жұмыстары жалғасуда. Ал өз кезегінде Мемлекет басшысы бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17