Алматыда ақылы автотұрақтар операторының басшысы 2 айға қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ақылы автотұрақтар операторының басшысы 2 айға қамауға алынды

18.04.2022

Марат Пірінбеков «Алматы спецтехпаркинг сервис» серіктестігінін 2016 жылдан бері басқарып келген. 

Жазира Оразқызы, тілші:
Алматы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылған. Сот «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни, 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бұл компания мегаполистегі ақылы автотұрақтарды қадағалайды және қалалық айыптұрағына жауапты. Естеріңізде болса, өткен апта ғана қала бойынша 12 мың тұрақты қамтитын «Alan Parking» компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев та екі айға қамауға алынған еді. Aparking бірыңғай операторы «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ға қарайды. Ал Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «Алматы тұрағы», яғни, «A-Parking» жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғанын хабарлаған. 

 Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу