Бұрынғы Қорғаныс министрі 2 айға қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Қорғаныс министрі 2 айға қамауға алынды

22.02.2022

Бұрынғы Қорғаныс министрі екі айға қамауға алынды. Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты Мұрат Бектановқа қатысты осындай санкция шығарды. Бұған дейін Бас прокуратура оның ұсталып, тергеу изоляторына жабылғанын хабарлаған еді. Экс-министр Қылмыстық кодекстің 452 бабы, яғни әрекетсіздік фактісі бойынша күдікті деп танылған. Яғни қаңтар оқиғасы кезінде ешқандай шара қолданбады деген айып тағылды. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәлімет жарияланбай отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Небары 4 айдан астам Қорғаныс министрі болған Бектановтың кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу