Семейде саяжайдағы 8 үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде саяжайдағы 8 үй жанып кетті

18.04.2022

Семейде өрт сөндірушілер жанып жатқан саяжайдан мүмкіндігі шектеулі адамды құтқарып қалды. Қаладағы Мирный ауданында 8 саяжай үйі мен 6 шаруашылық нысаны отқа оранған. Құрғақ шөп пен қамыс тұтанып, өрт 1000 шаршы метрге таралған. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 11 техника жұмылдырылды. Соңғы екі күнде қала аумағында 10 өрт оқиғасы тіркеліпті. Мұның барлығын құтқарушылар сенбіліктер кезінде өрт қауіпсзідігін сақтамаудан деп отыр. 

Естай Олжабаев,  қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы: 
Өрт кезінде қорада тұрған 5 ірі қара мен 34 ұсақ мал тірідей жанып кетті. Мұның барлығы адамдардың өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болып отыр. Өрттің басым бөлігі құрғақ шөп пен сенбілік кезінде қалдықтарды жағудың кесірінен тараған.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу