Шығыс Қазақстан облысында 50-ге жуық адамды кене шақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 50-ге жуық адамды кене шақты

16.04.2022

Шығыс Қазақстан облысында 50-ге жуық адамды кене шақты. Ауруханаға медициналық көмекке жүгінгендердің 16-сы - бала. Әзірге аймақта кене энце-фалитін жұқтырған ешкім жоқ. Дегенмен, сала мамандары тұрғындарға табиғат аясында демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Кенеден зардап шеккен адамға 72 сағаттың ішінде медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Бұл уақыттан асып кетсе, иммуно глобулин препараты көмектеспеуі мүмкін. Дәрігерлер осыны ескертеді. Негізінен зиянкестер облыстың 9 ауданында көп кездеседі. Ал кене энце-фалитін тарататын түрлері таулы және орманды өңірлерде көп.


Хабарламаларға жазылу