Павлодарда мектептегі өрттен ауруханаға жеткізілген оқушыларға иіс тиген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мектептегі өрттен ауруханаға жеткізілген оқушыларға иіс тиген

15.04.2022

Павлодарда мектептегі өрттен кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген оқушыларға иіс тигені белгілі болды. 2005-2008 жылдары туған 5 қызды дәрігерлер қарап, осындай диагноз қойған. Қазір олар ем қабылдап жатыр. Еске сала кетейін, бүгін түскі 11-лер шамасында қаладағы №1 мектепте өрт шығып, оқушылар мен ұстаздар өрт сөндірушілер келгенше шұғыл эвакуацияланған болатын. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, оқу орнының 3-ші қабатындағы кітап қоймасында от тұтанған. Нақтырақ айтсақ, жиһаздар мен кітаптар жанған.

Барлығы 479 адам сыртқа шығарылды. Оның 414-і оқушы. Жедел жәрдем мамандары 5 оқушыны ауруханаға шұғыл түрде алып кеткен еді.


Хабарламаларға жазылу