Қаржы пирамидасы: 2 мың адамды алдап кеткендер 5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы пирамидасы: 2 мың адамды алдап кеткендер 5 жылға сотталды

15.04.2022

Қаржы пирамидасын құрып, елорданың екі тұрғыны 2 мың адамды алдап кетті. Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай олар «WhatsApp» пен «Telegram» мессенджерлерінен «Астана Раушан касса айналымы» атты чат ашып, мыңдаған салымшыны тартқан. Салдарынан салымшылар сан соғып қалды. Сот қылмысқа барған екі әйелдің әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айырды. Агенттік өкілдері тұрғындарды алаяқтардың айласынан аса сақ болуға шақырады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу