Қара және түсті металл экспортына шектеу қойылуы мүмкін
Қара және түсті металл экспортына шектеу қойылуы мүмкін. Құжат 18 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Алайда металл тасымалдаушылар экспортты шектеуге қарсы. Егер тыйым салынса, елде металл қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорындар жабылып қалуы мүмкін екенін айтады. Мұндай жағдайда алыпсатарлар көбейеді деп отыр. Қазір елде мыңнан аса компания металл жинап, тасымалдаумен айналысады. 500-ге жуығында темірді қайта өңдеуге арналған техника бар. Соның арқасында кәсіпорындар 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Экспортқа шектеу қойылса, олар да жұмыссыз қалады дейді. Ал ішкі нарықта металл алатын зауыттар ақшаны уақытында қайтармайды. Олардың тасымалдаушы компанияларға 923 млн теңгеден аса қарызы бар.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09